«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» атты педагогтер арасындағы сайыс.

01.10.2024

     «Балдырған» бөбекжайында ұстаздар күніне орай, педагогтер арасында «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» атты «Бестемше» ұлттық ойыны ұйымдастырылды.

 Ойынының мақсаты:

— Ойлау жүйесін дамыту;
— Дербестікке үйрету;
— Назарды шоғырландыру;
— Уақытты тиімді падйлану;
— Жоспарлау және бас тартуды үйрету;
— Жадыны жақсарту және есте сақтау қабілетін дамыту;
— Қол моторикасының дамуы;
— Жан-жақты қалыптасу.

«Бестемше» ойыны — әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл ойынның басты қасиеті — жеке тұлғаның сана-сезімін жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын халқымыз, жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген. Қазіргі кезде бестемше ойынының елімізде және шет елдерде кеңінен таралып, балабақша және мектеп бағдарламаларына енуі — ұлттық ойынның бала тәрбиесінде алатын маңызына байланысты болып отыр.

Бұл ойын ойнаушы талғамайды: бала да, жас та, кәрі де, ойнай береді. «Бестемше» ойындарын 5 жастағы баладан бастап егде жастағы адамдар арасында ой спортының дағдысын қалыптастыруға болады. Балғын ойыншыларға ұлттық зияткерлік ойынның тарихы бойында түзілген ақпараттарды таныстыру оларды ойынға қызықтыра және мүдделі ете түседі.  

 

Просмотров: 569


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст