«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға кеңес

Логопед: Жаксалыкова А. С.

       Қазіргі қоғамда тілі мүкіс не уақытынан кеш шыққан балалар саны  көп. Бала денсаулығына ана құрсағында жатқан кезден бастап көңіл бөлген абзал. Себебі, бала ағзасында  пайда болатын аурулардың көпшілігі құрсақта жатқанда дамиды.  Баланың сөйлеу қабілетінде болатын ақаулар сол кезден басталуы ықтимал. Тіл кемістігіндегі кей себептердің алдын алу мүмкін емес болғанымен, көп жағдайда бала тілінің уақытында шығуы тікелей ата-анаға байланысты.

   Ата –аналардың бала тілін қызық көріп, олардың қате дыбыстаған сөздерін қайталауы дұрыс емес. Керісінше, бала ата-анасының сөйлегеніне қарап, сөзін түзеуі үшін әке-шеше әр сөзді анық дыбыстап айтуы қажет. Бала кішкене кезінен бастап өзге адамдардың қимылдарын қайталайтын қабілетке ие болса, оның ішінде  артикуляциялық қимылдар да бар. Яғни, бала өзіне қарап сөйлеген адамның дыбыстау мүшелерінің қимылын да  қайталайды деген сөз.  Сол үшін баламен  әңгімелескенде, оған қарата сөз айтқанда, әрбір қимыл—әрекетке мұқият болған жөн.

   Баланың сөйлеу қабілеті дұрыс жетілу үшін келесідей кеңестерге көңіл бөлген жөн:

1.Баланың сөйлеуі айналадағы адамдардың сөзіне еліктеу арқылы дамиды. Осыған байланысты, бала қоршаған ортада  грамматикалық түрде дұрыс құрылған сөйлемді естігені дұрыс.

2.Бала сөзінің алғашқы үлгісі – туыстарының сөзі. Ата –аналар балалары үшін ана тілінің алғашқы ұстаздары болып табылады. Отбасы – бұл бірінші мектеп.

3.Ата – ананың көмегінсіз балаға дұрыс сөйлеуді үйрену қиын. Баламен сөйлесіңіз, дауыспен сөйлеп, дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға тырысыңыз, бұл балаға дұрыс сөйлеуге көмектеседі.

4.Баланың дұрыс айтылмаған сөзіне еліктемеңіз, балаңызды жалған ойдан шығарылған сөздерге  үйретпеңіз. Балаңызбен ням-ням (тамақтану), мяу (мысық) және т.б. осы сияқты алмастырылған сөздермен сөйлеспеңіз, әдеттегі  сөздермен сөйлесіңіз. Әйтпесе, сіз баланың дұрыс сөйлеуін тежейсіз.

5.Бала сөйлегенде, қарапайым сөздермен, қысқа сөйлемдермен  сөйлесіп, сөздер мен сөйлемдер  арасындағы  үзілістерді байқап көріңіз, сонда балаңыз сіздің сөйлеген сөзіңізге  еліктейді, дұрыс сөйлеуді үйренеді.

6.Балаңыздың былдырлап сөйлей бастағанына және алғашқы сөздерді айта бастауына назар аударыңыз.  Егер баланың сөйлеу дамуы тежелсе, мамандарға жүгініңіз.

7.Балаларға дұрыс сөйлеу дағдыларын үйретіп,  балаға жылдам сөйлеуге жол бермеңіз. Асықпай, анық, дұрыс сөйлеу  баланың дұрыс сөйлеуіне ықпал етеді.

Жаңартылған күні: 20.12.2022 16:58
Құрылған күні: 20.12.2022 16:58

Текст