«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ойын арқылы оқыту» - біздің тәжірибе

Ойын – балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады.

   Бүлдіршіндердің физикалық қасиеттерін дамыту мақсатында қимылды ойын арқылы жүзеге асырылады. Қимылды ойыныдар алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру,  қағып алу  т.б жаттықтыру, дамытуға, жетілдіруге  мүмкіндік береді.  Қимылды ойындар баланың нервтік, психикалық  дамуына, жеке басының аса маңызды  сапаларының қалыптасуына  да үлкен әсер етеді.  Бұл ойындарда баланың  еркі, тапқырлығы,  батылдығы, шапшаңдығы  дамиды.  Ойындағы бірлескен әрекеттер  балаларды жақындастырады,  қиыншылықты  жеңу және табысқа жету  оларды қуанышқа бөлейді.  Қимылды ойындар кезінде  балалар басынан  кешіретін  таң қалу, қуану, эмоциялары  қимылды жақсы игеруге  көмектеседі. 

     Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу бастау алып жатыр. Сондықтан да күн тәртібінің әр кезеңінде ойын арқылы балаларды жан- жақты дамыту – біздің тәрбиешілеріміздің негізгі міндеті деуге де болады.

    Мектеп- балабақшада педагогтеріміз  балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерін (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) ұйымдастыруға тырысады.

     Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою (сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б. арқылы дамытуға болады.

  Мектеп- балабақшада математика негіздерін күн сайын дидактикалық ойындар, танымдық әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті, эксперимент жасау, математикалық мазмұндағы театрландырылған әрекет, әңгіме, дербес және басқа да әрекеттер арқылы ойын түрінде ұйымдастыруға көңіл бөлеміз.

     Балалардың физикалық қасиеттерін дамыта отырып, танымдық дағдыларына да ерекше көңіл бөлінеді. Танымдық дағдыларын дамыту мақсатында  түрлі ойындарды қолдана отырып, балалардың интеллектуалдық  қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту болып табылады. Дидактикалық ойындар арқылы  баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға,  бақылау арқылы қоршаған орта заттарының санын, пішінін, шамасын, олардың кеңістікте  орналасуын  ажыратуға үйретіледі. Ойындардың көмегімен балалар «бір» «көп» ұғымдарын ажыратады,  қоршаған ортадан бір  немесе бірнеше затты  табады, заттарды  белгілі өлшемі бойынша  салыстыра алады,  ұстау және көру  тәсілдері арқылы  геометриялық  пішіндерді  зерттейді, атайды.  5- 20 көлеміндегі сандарды таниды, негізгі түстерді дұрыс атауды үйренеді.

  Балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында  да дидактикалық ойынның маңызы зор.  Ойындар ойната отырып балалардың сөйлеу тілін дамытамыз, фонематикалық есту қабілеттерін мен тыныс алу ойындары арқылы сөйлеу интонациясын қалыптастырамыз.  Сонымен баланың сөйлеу тіліне  қолдың ұсақ мотрикасын дамыту маңызды.  Қол саусақ  моторикасына арналған ойындар арқылы  баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.  Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет еті дағдысын қалыптастыру: түймесін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ мотриканы дамыту  және қолдың  икемділігін арттыруға арналған  ойындар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Сюжеттік – рөлді ойындар арқылы, балалар бір – бірімен диалогқа түсіп, әңгімелесіп сөздік қорларын дамытады. Ұлттық ойындармен балалардың патриоттық сезімдерін оятып, қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырады.

 

https://cloud.mail.ru/public/47UD/3pHt1QMa4

https://youtu.be/Mklfi-0mfqM

Жаңартылған күні: 21.10.2022 14:48
Құрылған күні: 28.10.2022 12:09

Текст