Біздің мектеп-балабақшамыздың инновациялық іс-әрекеттері
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
«Тәй-тәй» технологиясы біздің балабақшада
Қазіргі таңда жан-жақты жетілген білімді, білікті азамат дайындау қоғам алдындағы үлкен міндет. Ел болашағы–жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты. Сондықтан заманға лайық тәрбие мен білім беру жүйесін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, шығармашылықты, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Міне, мұндай педагогикалық технологиялардың жан-жақты тараған түрінің бірі халықаралық «Тәй-тәй» технологиясы. Бұл технологияның негізі-арнайы орта құрып, онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау. «Баланың өсіп жетілуі үшін не қажет?»- деген сұрақ қойып, оның қажеттілігі, өзіне қызмет етуге, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс болып табылатынын осы технология дәлелдеген. Сондықтан баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады. Міне осы «Тәй-тәй» технологиясы дамытушы орталықтарға бөлінетін технологиялардың бірі. Балабақша қоғамдық өмірдің қайнар бұлағы десек, тәрбиеші - сол қайнар бұлақтың жанды жүрегі. Сондықтан тәрбиеші әрекетті орындаудың әдіс-тәсілдерімен ғана емес, әдістемесімен де толық қарулана білу тиіс.
Осы орайда мен қызмет атқаратын «Балдырған» мектеп-балабақшасында балаларға тек білім беріп ғана қоймай, олардың жаңа қалыптасып келе жатқан ой санасының жоғары рухта байыта білуге, ойы алғыр, қиялы ұшқыр бала тәрбиелей білуге ерекше мән беріледі. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырары сөзсіз.
2013 жылдан бастап біздің «Балдырған»мектеп-балабақшасы «Тәй-тәй» технологиясын өте тиімді пайдаланудамыз. Бүгінгі таңда балабақшадағы барлық оқу-тәрбие үрдісі «Тәй-тәй» технологиясының негізінде ұйымдастырылған, яғни барлық топтар аталған бағадрламамен жұмыс жасайды. Ал ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттері белсенділік орталықтарында ұйымдастырылады Іс әрекеттің осылай ұйымдастырылуы жаңа бағдарламаның талаптарын орындауға өте ыңғайлы. Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер дейді, біздер осы тәй-тәй технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды балалар үшін де, ата-аналар үшін де және тәрбиеші біздер үшін де тиімді етіп ұйымдастыру мүмкіндігін алып отырмыз.
https://cloud.mail.ru/public/edPu/VJZDcTd9f
https://cloud.mail.ru/public/sSjn/Zx4z9Aijt
Ақпараттық -коммуникациялық технология
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру екені мәлім.
Тәжірибелік эксперименттік іс-әрекеттеріміз
Эксперимент– – қоршаған айналаны білу мен түсінудің тиімді әдісі
Эксперимент әдісінің артықшылығы:
Бала бойындағы бар қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді:
Белсенді, қызыға білуді үйренеді; ересектер мен құрдастарымен қарым-қатынас орнатуды және тіл табыса білуді үйренеді; зияткерлік және жеке мәселелерді шешуге қабілетті болады; өзі, әлемі және табиғаты туралы алғашқы ойлары бар; өз мінез-құлқын басқаруға және әрекетін жоспарлауға қабілетті; оқу әрекетіне қажетті білім, тәрбие алу үшін алғышарттар меңгереді.Практикалық жұмыс барысында баланың қызығушылықпен қоршаған әлемді танып білу үшін белсенділігін, бастамасы мен дербестігін дамытады. Эксперимент жұмысы мектепке дейінгі жастағы балалардың барлық білім салаларында жеке, топтық әрекетінде қолданылады. Балалар ересектермен бірге алғашқы жаңалықтарын жасайтын зерттеу іс-әрекет жасағанды ұнатады, түсіндіруге және дәлелдеуге үйренеді.
«Ойын» технологиясы
Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Құм терапиясы
Құм терапиясы – адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құм терапиясын қолданудағы біздің мақсатымыз: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.
Құм терапия – балаларға үлкен мүмкіндік. Бала құммен алуан түрлі мүсіндер жасау арқылы өзінің сана-сезімін байытады. Құмдық терапия – ол баланың уайымдау немесе қайғыру сәтін ашып көрсете алады, ол жағдайда балаға көңілін көтеруге жол салады. Бала құммен ойнай отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Сонымен қатар, ойын үстінде өзінің көңіл-күйін көтерумен бірге, өзін-өзі емдей бастайды.
Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі. Бала құммен ойнай отырып, сенсорикасы мен моторикасын дамытады. Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады.
Фетрмен жұмыс
Өмір талабына сай технологияларды оқу процесімен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті. Осыны ескере отырып, біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы әр жаңалықты өз қызметімізде қолданамыз. Яғни онда балалардың түрлі түсті фетр матаның жұмсақ әрі ыңғайлы екенін біле отырып баланың қызығушылығын оятамыз. Бұл матаның тиімділілігі жыл сайын өтетін мерекемізге пайдалануға болады. Қоғам алға жылжып дамыған сайын білімді, әрі жан-жақты болуды талап етеді.
йірме жұмысындағы инновация
Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.Балалардың жан-жақты дамып, оқу іс-әрекеттерінен тыс уақыттарын тиімді әрі қызықты пайдалану мақсатында балабақшада үйірме жұмыстары жүргізіледі. Біздің балабақша тәрбиешілері өздерінің авторлық жұмыстарын жазып, сол бағытта өздерінің үйірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тулегенова Жанат Копжановна «Театр әлемі» Кожабергенова Бакытгул Ердаулетовна «Қызықты-математика»
Даниярова Ботагоз Сатпековна «Тамшы»
Каменова Жанар Забинулловна «Ғажайып алақан әлемі»
Шакиева Жазира Ондасыновна «Шебердің қолы-алтын»
В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындары ұйымдастырылған іс-әрекетінде
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, сөйлеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда В.Воскобовичтің дамытушы ойындарын пайдалану, мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, сөйлеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытады. В.Воскобович ойындары-мектеп жасына дейінгі баланың дамуына қойылатын заманауаи талаптарына сай келетін ғажап құрал. Олардың жеңілділігі, қарапайымдылығы, тәрбиелік және білімдік міндеттерді шешудегі мүмкіндігі зор. Мұндай ойындар психологиялық тұрғыдан жайлы. Бала өзіне және ойыншыққа зиян келтірмей жаттығады, тәжірибе жасайды, шығармашылықпен айналысады.Біздің тәрбиешілер бұл жаңа педагогикалық технологияны пайдалану нәтижелерін дамыта отырып, ойын технологиясын баланың интеллектуалдық дамуына, денсаулығына, жақсы көңіл-күйде болуына бағыттап қолдануда.
Денсаулық сақтау технологиясы
Балабақшада оқу - тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің балабақшамызда, баланың денсаулығын нығайтуда және қимыл белсенділіктерін көтеру мақсатында шынықтыру шаралары жүйелі өткізіліп отырады. Балабақшаның педагогтары дәстүрлі жұмыстарды, дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйелі өткізеді.