Текст
Логопед маманның ата- анамен жұмысы.
Бөбекжайдағы консультациялық пункттің жоспары бойынша логопед маманы А.С. Жаксалыкова ата-анаға баланың тілін жаттықтыруға арналған жаттығулар кешенімен таныстырды.
Артикуляциялық жаттығулар.
Мақсаты: тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын толық жетілдіру.
Тыныс алу жаттығулары.
Мақсаты: баланың тілдік тыныс алуын дамыту.
Тыныс алу дыбысты айтуға, артикуляция мен дауысты дамытуға әсер етеді. Тыныс алу жаттығулары диафрагмалық тыныс алуды жетілдіруге, сондай –ақ дем шығарудың ұзақтығы мен күшін дұрыс бөлуге көмектеседі.