«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар аутизмі

 

 

        Аутизм – (гр. Autos – өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл – күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық қажеттіліктері мен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айырықша түрін белгілеу үшін еңгізген. Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік орта мен қарым–қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психихалық ауыруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

        Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген американдық психиатр Лео Каннер. Лео Каннер бойынша, ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді:

- аутистикалық күйзелістер;

- стериотипі  үйреншікті;

- бір қалыпты мінез–құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.     

        Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен аурған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге, мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.

Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар,т.б.барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.

Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазалайды, бір жері ауырса  сезбейді, өскен кезде ештенеге қызықпайды, кейбір сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді.

Жақын адамдарын алыстан танып, алдынан қуанып қарсы алады.

Аутист бала – ерекше, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте жастан түзету жұмыстарды жүргізіп, баланы әлеуметке бейімделуі үшін керек.  болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады, бірақ кей біреуі оны құшақтағанды және өзі ұнататын адамды искеуді және құшақтағанды ұнатады. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интелектісі)  дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бір нәрсе үйрету қиын. Ауыру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және өзіне айтқан сөздерге мән бермейді. Бірақ барлық бала ондай емес.

 

Қорытындылай келсек, әлі де үмітімізді үзбей алдағы уақытта шетелдердің әдісімен аутист балаларымызды емдеуге мүмкіндігіміз көп боларына сенімдіміз. Аутизмге шалдыққан  баламен заманауи түзету технологиялары бар. Бұлар аутизмді түзетуге негізделген әдістер. Олар: ТЕЕССН, АВА, Son – rise, заттық терапия (сенсорлық интеграция және стимуляция). Сонымен қатар, аутист балалар суды өте жақсы көреді. Сондықтан оларды «жаңбыр балалары» деп атайды. Дамыған елдерде арнайы терапиы бар. Ол дельфиндермен емдеу. Дельфинотерапия арқылы аутист балалардың 70% -ы жазылып кетеді деген тұжырымдаманы ғалымдар дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, Қазақстанда емнің бұл түрі жоқ. Аутист балаларды ипотерапиямен де емдеуге болады.

 

 

Жаңартылған күні: 09.04.2019 10:56
Құрылған күні: 09.04.2019 10:58

Текст