Жалпы инклюзивті білім беру туралы түсінік
Жалпы инклюзивті білім беру туралы түсінік
Инклюзив - латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты:
ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалысына қарамастан сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті білім беру – ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.
Инклюзивті білім беруге дайындық:
- Түзету ойындар;
- Қимылды ойындар;
- Рефлексия
- Арт терапияның элементтері;
Мүмкіндігі шектеулі балалардың топтары:
- Есту бұзылыстары бар балалар;
- Көру бұзылыстары бар балалар
- Ақыл-ойы кеш дамыған балалар;
- Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар;
- функциясында бұзылыстары бар балалар;
- Психикалық дамуы тежелген балалар;
Инклюзивті оқыту – балалар дискриминациясын жою, баршаға тең дәрежеде қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету, ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай тудыру идеясы негізінде жүзеге асырылады. Барша балаларды шектемей біріктіріп бір баладай тәрбие беру біздің міндетіміз.