«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе

  

    «Балдырған» мектеп –балабақшамызда ата-аналармен  әр түрлі жұмыс түрлерінің формалары мен заманауи модельдерін қолданамыз.  
Педагогтер ата-аналармен бірнеше бағытта түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып жұмыс жасайды.  Мектеп- балабақшамызда ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары мен заманауи модельдерінің түрлері мынадай:
Ата-аналар конференциясы;
Ата-аналар бұрышы;
Сұрақтар мен жауаптар кеші;
Ата-анамен жеке жұмыс;
Тренингтер ;
Көрмелер;
Отбасылық сайыстар;
Тәрбиелеудің үш көзі ;
Ашық есіктер күні;
Сауалнама жүргізу;
Бақытты отбасы альбомдар;

  Ата- аналар конференциясы балабақша-ата- ана-тәрбиеші арасындағы қарым- қатынасты реттейтін, қиыншылықтар мен мүмкіндіктерді анықтайтын жұмыстың негізгі түрі. Конференцияда түрлі тақырыптағы мәселелер көтеріліп, сұрақтарға жауаптар аламыз. Бірлеске диспуттар жасалып, әңгімелер жүргізіледі, іс- тәжірибелермен бөліседі.

Ата-анамен жеке жұмыс- отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі болып табылады. Бұл форманың артықшылығы  отбасын зерттеу, ата-аналармен сұхбат, ата-аналардың балалармен топта , үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтердің баламен біріккен іс-әрекетінің нақты жолдарын белгілеуінде.

   Ата-аналар бұрышы- әр топта ата-аналар бұрышына балалардың денсаулығына байланысты мәліметтер, балаларының жетістіктері жайлы ақпарат, мадақтамалар орналастырылады. Осы ата-аналар бұрышы арқылы балалары жайлы ақпараттар алып отырады..

    Тренинг ата-анамен жұмыстың жаңа форматта жүргізілетін түрі .  Ата-аналар жиналыстары түрлі тақырыпқа байланысты өткізіледі, әр тақырыпқа сай тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары ата-ана және баламен іс-әрекеттің қарым- қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғынып шешуге бағыт береді. Тренингте түрлі жағдайларға байланысты күнделікте болып жатқан бала мен ата-ананың арасындағы жағдаяттарды түсінуге көмек көрсетіледі.
    Көрмелер ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейлінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін ата-анамен жұмыстың тиімді формасы болып табылады. Отбасылық сайыстарға арналған түрлі отбасымен бірігіп қатыстыруын үнемі қадағалап, қызығушылықтарын арттырған жөн.  Біріккен жұмыстың арқасында ата-аналардың бойында ізденуге деген талпыныс күшейе түседі.
Ата-аналар әртүрлі тақырыпқа сай сәндік сурет салу немесе қалдық заттардан бұйымдар жасауға жетекшілік етеді. Ата-аналармен біріккен жұмыстарға тотала кетсек, «Алтын күз», «Құстар біздің досымыз», «Отбасы күні» тағы сол сияқты біріккен жұмыстар өткізіліп отырады.
Отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстары баланы салауатты өмір салтына бейімдейді.
   Отбасылық сайыстар- ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген қарым-қатынасы нығая түседі. Ата-аналар арасында балабақшаішілік іс-шараларға деген қызығушылықтары мен бәсекелестік артады. Ата-аналар балабақшада өткізілетін «Денсаулық күні», «Толағай» спорттық жарысы т.б.

 Ашык есік күні-ата-анамен мейлінше кең таарған жұмыс формасының бірі. Ата-аналарды тәрбиелеу, оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ашық есік күніне ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары туралы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады,баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.
   Ата-аналармен жұмыстың формалары мен заманауи модельдерін қолдануда, балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасын тарту барысында, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершіліктері артып, баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің басты рөл атқаратынын ата- аналарымыз  сезді. Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен позициясы өзгерді. Көптеген балабақшаішілік іс-шараларға қатысу барысында балаларының алдында ата-аналарының, ата-аналар алдында педагогтер беделі көтерілді. Ата-ана, бала және тәрбиеші тығыз байланыста болып, ата-анаға дұрыс бағыт бағдар берген жағдайда мектепке дейінгі тәрбие сапасы жоғары болмақ.
 

https://youtu.be/0BfDnHqxJoc

https://youtu.be/BtFwd2YquOs

 

 

Жаңартылған күні: 21.10.2022 14:46
Құрылған күні: 01.11.2022 15:34

Текст