Текст
Бөбекжайдың сабақтастық жоспарына сай мектепалды топ бүлдіршіндерімен Тақырыбы: Мектеп формасы және оқу құралдары
Мақсаты:Балаларды мектеп формасы мен оқу құралдарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметін түсіндіру.
Міндеттері:Мектеп формасының түрлерін (көйлек, шалбар, белдемше, жилет) таныстыру. Оқу құралдарын (дәптер, қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, сөмке) атап, қолдануын үйрету. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Өз заттарына жауапкершілікпен қарауға баулу. Балаларға мектеп заттары жайлы ақпарат берілді. Оқу құралдарын көрнекі түрде көрсетіп, әрқайсына жеке- жеке тоқталды. «Қайсысы артық?» — құралдар арасынан артық затты табу және «Сөмкені жина» ойындары ойнатылды. Балалар мектеп формасын таныды, оқу құралдарын ажырата алды.