"Баланың эмоциясын түсіну және қолдау"

Эмоция — баланың ішкі сезімдік күйі, яғни қуану, ренжу, қорқу, таңдану, ашулану сияқты түрлі көңіл-күйлердің сыртқа шығуы.

Эмоцияның маңызы:

Баланың қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді;

Мінез-құлық пен әрекетке әсер етеді;

Қарым-қатынас пен түсіністікке көмектеседі;

Баланың өзін-өзі тануына, басқаруына ықпал етеді.

Балалардағы эмоция ерекшелігі:

3–6 жас аралығында эмоциялар айқын көрінеді (ашық күледі, тез ренжиді).

Эмоция арқылы баланың ішкі әлемін байқауға болады.

Эмоцияны басқару — тәрбиелеу мен психологиялық қолдаудың басты бағыты.

 

Педагог-психолог: Каменова Ж.З.