«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке бір қадам» тақырыбында психологиялық тренинг

Сабақтастық жоспар негізінде бөбекжайжың педагог-психологы Каменова Ж.З. мектепалды топ ата- аналарымен «Мектепке бір қадам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Мақсаты: Мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету, бала тәрбиесіндегі мейірім мен жылы қарым-қатынастың маңызын түсіндіру.

Тренинг барысында әр ата-ана бала жүрегіне мейірім мен жылы сөздің қаншалықты маңызды екенін сезінді. «Стақан», «Бала жүрегіндегі із», «Жаңғақ» жаттығулары арқылы әр баланың ерекше тұлға екенін, олардың жүрегіне айтылған әр сөздің із қалдыратыны айтылады.

   Соңында ата-аналарға тәтті қызыл алма таратылды. Қызыл алма мейірімнің, жылулықтың, махаббат пен тәрбиенің символы ретінде ұсынылды. Әр отбасының жүрегінде татулық, балаға деген қамқорлық пен сүйіспеншілік арта берсін деген тілек білдірілді. Әр отбасының алмадай тәтті балалары аман болсын!


Текст