«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мирас" мектепалды тобының Республика күніне арналған іс-шарасы.

23.10.2025

Тақырыбы:  «Мен Отаныммен мақтанамын!»

Құрметті ата - аналар, кішкене бүлдіршіндер бөбекжай ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен «Мирас» мектепалды тобы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін. Мирас тобының балаларын қарсы алыныздар.

І. Әнұран.

Бүгінгі біздің 25 қазан Республика күніне арналған «Мен Отаныммен мақтанамын!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Ақжайық, Алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы!

ІІ. Хор: «Ана тілім»

Жүргізуші:

Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын.

Ортаға: тақпақтарымен

 Хан-Тәңір:
Республика күні бұл,
Құтты болсын гүл елім.
Көңілімнің нұрысың,
Сен деп соғад(ы) жүрегім.

 Аруна:
Тәуелсіздік бастауы,
Бодандықтан арылып.
Ата-баба арманы,
Оралғандай сағынып.
Айым:
Тұтастығы елімнің,
Жарияланған күн бүгін.
Жайлылықты сезінген,
Қуанышты күн бүгін.
Асылы:                                                                                                                      Көк байрағым желбіреп,
Үн қатады бүгінде.
Әндетейік, би билеп,
Республика күнінде!

Айбар:                                                                                                                    Азат елім жасай бер,
Бақытымыз жанданып. 

Республика күнімен,
Құттықтаймын жар салып.

Адина:

Республика күні бұл,
Құтты болсын қазағым.
Елім менің тәуелсіз,
Таусылмасын базарың.                                                                                                                                                                                              

Жүргізуші: Сарқылмайтын қуатым,
                     Тірегімсің Қазақстан.
                      Мәңгі соғып тұратын.
                      Жүрегімсің Қазақстан.

ІІІ. Ән: «Отан» ортаға Әміре, Муслим, Хан-тәңір ұлдарымызды шақырамыз

Жүргізуші:

Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы
Ардақты атамекенім,
Отаным – Қазақстаным

- дей отырып балаларымызды жыр шумақтарымен ортамызға шақырамыз.

Асылым:                                                                                                                     Республикам бақытым,
Елге сенім беретін.
Құтты болсын мереке,
Әр жыл сайын келетін.

Нұрай:

Құтты болсын бүгінгі,
Республика күні бұл.
Әр қазақтың лүпілдер,
Жүрегінің үні бұл.

Кәусар:

Азаттығы жанданған,
Жасай берсін еліміз.
Республика күнінде,
Гүлдей берсін жеріміз.

Адия:

Республикам әнімсің,
Жүрегімде тербелер.
Ел жоқ шығар өзіңе,
Республикам тең келер.

Нурали:

Республика күні бұл,
Мерекеміз мерейлі.
Тақпақ айтып жатаймыз,
Тақылдатып көмейді.

Муслим:                                                                                                                  Жиырма бесі қазанның,
Атаулы күн мереке.
Республика күні бұл,
Сыйлар елге береке.

Жүргізуші: Біз Отанның гүліміз,
                     Туған жердің нұрымыз.
                     Тәуелсіз  біздің еліміз.
                      Қазақстан бай жеріміз.

ІV. Би. «».

 Жүргізуші: «Көк байрағым көгімде,
                        Қыран құстай желбіре.
                        Қазақстан – Отаным,
                        Жарқырай бер мәңгіге!

ІІІ. Ән: «Жайна туған жерім»  

Орындайтындар : Айкөркем, Дания, Алуа,Айым,Асылым, Нұрай  Асылы қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Отан – менің ата-анам.
                      Отан – досым, бауырым.
                      Отан – өлкем, астанам,
                     Отан туған ауылым. Ортаға :

Балаларды жыр шумактарымен ортаға шақырамыз:

Алуа:

 Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.
Айкөркем:

Қазақ аты танылсын,
Барлық әлем жұртына.
Таңдансын да таң қалсын,
Салт-дәстүрім, ғұрпыма.

Айлана:

Республикам ғажабым,
Артсын даңқың, ажарың.
Қазақ елі жанданып,
Таусылмасын базарың!

Аль-Мансур:

 Құттықтаймын қазағым,
Республика күнімен.
Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен.
Дания:

Азат елім жасай бер,
Бақытымыз жанданып.
Республика күнімен,
Құттықтаймын жар салып.

Әміре:

 Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Жүргізуші: Біз Отанның гүліміз,
                     Туған жердің нұрымыз.
                    Тәуелсіз  біздің еліміз.
                    Қазақстан бай жеріміз.

Хор: «Жас қырандар»

Жүргізуші:

Осыменен «Мирас» мектепалды тобының ертеңгілігін аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотров: 180


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст