Инклюзивті білім беру жұмыстары.
Мектеп- балабақшада инклюзивті білім беру жұмыстары жалғасуда. Педагогтарымыз өз білімдерін жетілдіру жұмыстарымен үнемі айналысып отырады. Логопед Жаксалыкова Анар Сабитовна «Сөйлеудің бұзылуы кезіндегі логопедтік массаждың дәстүрлі және онновациялық технологиялары» бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілігін арттыру курсына қатысып, Сертификат алса, дефектолог Тастубаева Асель Сериковна «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбында білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсын аяқтады.
Мектеп- балабақшаның логопеді балалармен жеке, топтық жұмыстар жүргізе отырып, түрлі әдіс- тәсілдерді қолданады. Балалардың сөйлеу тілін дамыту мен саусақ моторикасын дамытуға арналған "Ринг-Динг" және "Үйің тап" ойындары арқылы түрлі мақсаттарға қол жеткізуге тырысады.
Дефектолог маманы да көбіне балалармен жеке жұмыс жасап, әртүрлі мақсат- міндеттерге қол жеткізуге арналған жұмыс түрлерін жүргізеді.
"Үй және жабайы жануарларды сұрыптау, Оң-сол жақты ажырату" "Силуэт бойынша анықта және түсін таңда" «Кесілген суреттермен жұмыс» сияқты ойындар мен әдіс- тәсілдерді қолданады.