Тақырыбы:Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі.
Мақсаты:Оқушыларғажалпыадамзаттыққұндылықтартуралытүсініктердісүйіспеншілікқұндылығыарқылымәнінашу;
Міндеттері: Өз болашағыбағытынайқындап, мақсатқоябілугеүйрету;
- оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
-адал,кешірімді,мейірімді,қамқоршы,ықыласты болуға тәрбиелеу
Көрнекілік құралдар: Бес құндылық бейнеленген өмір ағашы суреттері, интербелсенді тақта, слайдтар.
Барысы:
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Мен мейірімді баламын!
5Т-ережесі
Тәртіп.Талап.Тыныштық.Тазалық.Татулық.
-Оқушылар бүгінгісынып сабағымыздың тақырыбы «Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі» -деп аталады.Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
- Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы бойынша кең көлемді: «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. «Өзін - өзі тану» пәні – даналықтың шыңы, ол-сүйіспеншілік, ол бақыттың құпиясы, ол адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.
Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.
Сабақты оқып, тәртіпті болу,
Білімді жинап, дүниені шолу.
Өзіңді - өзің тану дегенің,
Өз бойындағы мініңді жою.
Ұжыммен жұмыс.
Тапсырма: «Ақиқат» сөзінің әр әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді айту.
А-ақылды
Қ-қамқоршы
И-инабатты
Қ-қарапайым
А-адал
Т-талантты
- «Өзін - өзі тану» пәнінің балаларға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір - біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Өзін-өзі тану пәні рухани – адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.
Оқушыларға бейнежазба көрсету.
Психологиялық жағдаяттар
"Сіз құмыра сындырдыңыз"
1. Үйде ешкім жоқ. Сіз жаңа сатып алған волейбол добымен ойнап жүріп, қымбат құмыраны сындырып алдыңыз…
Тапсырма: Ата - анаңызды көз алдыңызға елестетіңіз. Қандай жағдай болуы мүмкін. Ата - анаңыз не дер еді? Сіз олардың орнында болсаңыз не дер едіңіз? Қандай іс - әрекет қолданар едіңіз? Осы жағдайдан қалай шығуға болады?
"Мұғалім ескертуі"
Тапсырма:1.Анасы Мараттың аулада ойнауына бір сағат ойнауға уақыт берді.
2.Марат ойынның қызығына түсіп, уақыттың қалай өткенін байқамай қалды.
3.Есікке жақындай түскенде анасының сөзі есіне түсті
Марат анасына:
-Мен.....
*Қалай ойлайсыңдар , осындай жағдайда не істеуге болады?
Қорытынды:Өткенді ризашылықпен есте сақтаймын, болашаққа үмітпен сенім артамын, қазір сүйіспеншілікпен өмір сүремін. Сондықтан, барлық кезең маңызды.Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.Сендердің сабақтан қандай әсер алған жайында смайлктің суретін салып, тілек ағашына жабыстырамыз.
Бәрін де бақытты санайсың.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды ұғынсаң,
Бойыңнан керемет жақсы мінез байқайсың.
Жақсы болыңыздар!!!
Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар
Жақсы нәрсе айтыңыздар
Жақсы нәрсе тыңдаңыздар
Жақсы нәрсе көріңіздер
Жақсы әрекет жасаңыздар
Бақытқа жеткізер жол – осы!