«Балдырған» мектеп-балабақшасы КММ
Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағаты өткізілуі туралы мәлімет
«Өзін-өзі тану –Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» республикалық онкүндігі бойынша іс-шаралар жоспарында 2020 жылғы 23 қарашада Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай ұйымдастырылған «Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі» тақырыбында «Балдырған» мектеп –балабақшасында 1 «А» және 1 «Ә» сыныптарында және төрт мектепалды даярлық топтарында өткен болатын.
Мақсаттары:
-балаларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерді сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу;
-өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
-балалардың өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
-адал, кешірімді, мейірімді, қамқоршы , ықыласты болуға тәрбиелеу.
«Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі» тақырыбында «Балдырған» мектеп- балабақшасында өзін-өзі тану сағаты мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқушылар мен бүлдіршіндердің шынайы өмірге дайындауға, өмірдің мәні мен шынайы бақыт табу жолында дұрыс адамгершілік таңдау жасауына ықпал ететін рухани –адамгершілік білімге қосқан үлесі болатынына сенімдіміз.