Текст
«ASU» білім беру әдістемелік орталығы психолог, логопед, дефектолог мамандарының арасында «Менің педагогикалық тәжірибем» атты республикалық шығармашылық интернет-байқауын ұйымдастырған болатын. Мақсаты: психолог, логопед, дефектолог мамандарының кәсііби деңгейін көтеру және шығармашылық әуелетін толық іске асыру.
Мектеп- балабақшамыздан осы байқауға педагог- психолог Каменова Ж. З. мен логопед Жаксалыкова А. С. қатысты. Байқау қорытындысы бойынша педагог- психолог Каменова Ж. З. «Үздік педагог-психолог-2020» номинациясы бойынша жүлдегер атанып І дәрежелі Дипломмен марапатталса, логопед Жаксалыкова А. «Үздік логопед-2020» номинациясында жүлдегер атанып, І дәрежелі Дипломға ие болды.