19-22 қазан аралығында «Балдырған» мектеп-балабақшасында жылдық оқу-тәрбие жоспары бойынша «Қош келдің, Алтын күз!» атты іс-шаралар онлайн өткізілді.
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін молайту, күзге тән ерекшеліктерді сезінуге және табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Директордың қатысуымен кеңесте іс-шаралардың жоспары талқыланып, бекітілген болатын. Жоспар бойынша топтардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленген іс-шаралар толық өткізілді.
Мектепалды даярлық топтардың бүлдіршіндері «Алтын күз-алтын байлық» атты сурет көрмесіне,күзгі табиғаттың әсемдігіне,байлығына деген қызығушылықтарын суреттеп көздің жауын алатындай етіп түрлі- түсті бояуларды қолданып бейнеледі.
2020-2021 оқу жылы өздеріңіз білетіндей ерекше басталды, ертеңгіліктердің барлығы онлайн түрінде ұйымдастырылғандықтан күз мерекесін өткізуде ата-аналардың да қосқан үлесі мол болды. Әсіресе, ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Күзгі сыйлықтар» атты онлайн көрмесі ерекше түрде өтті. Барлық іс-шара онлайн болғанына қарамастан біздің балабақшамыздың белсенді ата-аналары жоғары деңгейде балаларының өнерлерін бейнетаспа арқылы көрсете білді. Күзде пісетін жеміс-жидектер мен бау-бақша өнімдерінен, дәнді дақылдардан жасалған әр түрлі бұйымдар, әшекейлер, көрменің сәні болды.
Осылайша «Күзгі сыйлықтар» атты көрмеден басқа «Қош келдің, Алтын күз!» атты ән шашу мерекесі онлайн түрінде аталып өтті. Топ тәрбиешілері бүлдіршіндермен табиғат аясында ән айтып, күз туралы тақпақтарымен бөлісті. Қөрмеге белсене қатысқан ата-аналарға ризашылығымызды білдіре отырып, келешекте осындай мерекелерде іс- шараларды онлайн түрінде емес, балабақша ішінде бірлесе атқарамыз деп сенемін.