«Отан-отбасынан басталады»,- дейді халқымыз. Елдің , ұлттың , жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. «Балдырған» мектеп-балабақшасында осы апталыққа байланысты «Мен және менің бақытты отбасым» онлайн-челлендж ұйымдастырылды. Ата-аналар мен балалар қызығушылық білдіріп белсене қатысты, өте қызықты өтті. Балабақшаішілік «Отбасым-бақыт мекені» атты суреттер көрмесі де өтті, көрмеге балабақша тәрбиеленушілері өте қызықты, көз тартатын түрлі-түсті бояуларды қолданып, өз отбасын мейірімділікке және шаттыққа толы екенін суреттеп берді. Баланы өмірге бейімдеуде ата-ананың орны бөлек . Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуді көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі ел болашағы, біз әрқашан заманауи үлгідегі жаңа білімді бала бойына сіңіріп отырсақ, біздің балаларымыздың болашағы жарқын болмақ.