«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақшаң қалай, балақай?" байқауы

13.10.2020

2020 жылғы 9 қазан күні Ақмола облысы білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты балабақшалар арасындағы облыстық байқауын өткізді.
Жалпы, сайыс – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және өзге ұлт бүлдіршіндерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықыластары мен қызығушылықтарын арттыру, ұлттық патриотизмді дамыта отырып, тәлім-тәрбие беру және тарихымызды ұлықтау мақсатында өтті. Осы сайыстың аудандық кезеңіне мектеп- балабақшамыз қатысып, жүлделі І орынды иелендік. Сайыс материалы аудандық оқу бөлімімен облыстық кезеңге жіберілді. Бұл кезеңде де мектеп- балабақшамыз ешкімге дес бермей жүлделі І орынды иелендік.
Гүлнар Қойшыбайқызы балалармен жұмыс, мемлекеттік тілді меңгерту және балалардың қалай меңгергенін көрсете білді. Бүлдіршіндер сабақ барысында белсенділік танытып, ойларын ұшқыр, дәл жеткізе білді.
 

Просмотров: 564


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст