«Балдырған» мектеп- балабақшасы КММ-нің
мемлекеттік қызмет көрсету түрлері.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет
ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына,
нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
4. мемлекеттік көрсетілетінқызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
«Балдырған» мектеп-балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2013
жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін білім ұйымы.
Коммуналдық мемлекеттік мекемеде 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды, қағаз түрінде.
2017жылы 10 қызмет білім бөлімі арқылы көрсетілген.
2.«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде көрсетіледі.
2017жылы 138 қызмет мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.
4. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен
оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды
аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде көрсетіледі.
2017жылы 3 қызмет мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Балдырған» мектеп- балабақшасы КММ-нің көпшілікке
қолжетімді орында арнайы ақпараттық тақтада ілінді. Ата- аналармен жиналыс өткізіліп, мағлұмат берілді.
2017 жылы 24-26 қазан айында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру» тақырыбында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарын өткендер:
Акпентаева Райхан Зейнулловна, Бұланды ауданы әкімдігінің Макинск қ., "Балдырган" мектеп-балабақшасы
КММ-нің директоры;
Нургалиева Зейни Куттыбековна, Бұланды ауданы әкімдігінің Макинск қ.,
"Балдырган" мектеп-балабақшасы КММ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Сейтжанова Алмагуль Аманжоловна, Бұланды ауданы әкімдігінің Макинск қ., "Балдырган" мектеп-балабақшасы КММ-нің хатшысы.
Байланыс телефондары:
Макинск қ, Мирон- Ким к-14, «Балдырған» мектеп- балабақшасы КММ. тел.2-31-71, 2-30-35.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға
дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.