Біздің өміріміздің мәні де, сәні де- бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі де- бала. Бала - біздің болашағымыз , еліміздің ертеңі, келещегіміздің келбеті. Ол –әр шаңырақтың шаттығы, қуанышы, баға жетпес бақыты. Сондықтан бала
тәрбиесі- бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. «Тәрбие басы-тал бесік» дегендей, баланың дұрыс өсу, дұрыс тәлім-тәрбиеге бейімделуі-алдымен отбасынан содан соң балабақша мен мектептегі тәрбиеге байланысты. Осыны жете түсіне білген біздің «Балдырған» мектеп-балабақшасының ұжымы балалармен жұмыс жасауды жан-жақты
тәсілдермен жүргізіп келеді. «Бұлақ көрсен, көзін аш» дегендей, алдындағы баламен үздіксіз жұмыс істеп, оларға дұрыс бағыт-бағдар бергенде ғана тәрбиеші еңбегі нәтижелі болмақ. 8 наурыз мерекесіне орай «Мирас» мектепалды даярлық тобында «Арулар, асыл жандар» атты мерекелік кеш ұймдастырылды. Балалар
мерекеге ерекше дайындықта болды. Аналарына арнап өлең жолдарын айтып, ән мен
биден шашу шашты. Ертеңгілігімізге ата-аналар тарапынан да белсенділік танытып
сері ұлдарымыз аналарымен вальс билеп кешімізді оданда әрі әрлендіре түсті.
Бәрінен де аса қымбатты әжелерімізге арнап Тұрғанбек Ақылжан «Ата,әже» әнін
шырқап көрерменнің көзайымына айналса, тобымыздың басқада балалары Вольский Ильяс, Абзал Анель, Даулетбай
Нұрсұлтан, Есен Ерназар, Уранбай Ұлболсындар қойылым көрсетілімдері арқылы
әртістік шеберліктерімен жиналған жұртты тәнті етті.Тобымыздағы әр бала
бойындағы тұнып тұрған өнері мен қабілетін барша қауымға ерекше ықылас,
сезіммен жеткізе білді. Мереке соңында балалар аналарына дайындаған сыйлықтарын таратып берді.