Тобы: Ортаңғы «Арман»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем
Апта тақырыбы: Ғажайыптар әлемі (Өлі табиғат құбылыстары)
Тақырыбы: Қар жауып тұр далада
Мақсаты: 1: Білімділік. Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру.Қардың қасиеттерімен
таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту.
2: Дамытушылық .Тіл байлықтарын , есте сақтау, сөздік қорын молайту , ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс –тәсіл: Әнгімелеу, түсіндіру, сұрақ –жауап , ойын.
Сөздік жұмыс: Ақ ұлпа қар
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Билингвальдық компанент: Қыс- зима, қар- снег .
Қолданылатын көрнекі құралдар: Үнтаспа, музыкалық аспаптар, суреттер және интерактивті экран.
Оқу іс - әрекет кезеңдері. |
Музыка жетекшістінің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті. |
Мотивациялық – қозғаушылық
|
«Марш» әуенімен балаларды қарсы алып, шеңбер бойына тұрғызып Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар біз ән айтпас бұрын Дауыс жаттығуларын жасаймыз. Ля- ля-ля-ля-ля-ля-ля, До-ре- ми- ре –до, До- ре- ми –ре- до. Ән айту: Ал кәзір балалар өткен оку –іс әрекетінде жаттаған әнімізді есімізге түсіріп қайталайық «Зырлайды шанамыз» әні орындалады. Қымбатты балалар! Орынымызға отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қойып, денемізді тік ұстаймыз бәріміз мына экрандағы бейне сюжетке қараймыз, жылдың қай мезгілі көрсетілген ? -Иә, қыс мезгілі. Дала әппақ қарға оранды.Күн суытып , жиі-жиі боран соғып, қар жауып тұр. Бүгін біз «Ақ ұлпа қармен танысамыз». |
Әнді тыңдай жүріп, Ырғақты сезіне шеңбер бойымен жүреді.
Сәлеметсіз бе?
Балалар әнді орындайды.
Балалар жауап береді.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме? - Қар қандай екен ? - Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді,демек ол жылыдан еріп суға айналады. - Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз? Балалар, қыста жылы киімімізді киіп жүру керек .Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады.Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады. - Балалар сендерге жұмбақ жасырайын ба? Қыста жерді жауып кетеді, Ал көктемде ағып кетеді. (қар) Жаздай тынығады, Қыстай зымырайды. (шана) Ән тыңдау: Әли мен Аия мултьфилімінен үзінді «Ақшақар» әні балалар экранға қарап тыңдайды. Экранда не көрдіңдер балалар ? Кәне осы қыс мезгілі туралы кімдер маған тақпақтар айтып береді ?. Нұрсипат Аппақ қарлы қыс келді , Аязымен қысты елді. Шынықсын деп денеміз, Кәңки шанғы тебеміз. Беколжас Қар жауғанда топ бала Соқты келіп аққала. Мұрны –сәбіз, үп –үшкір, Көзі- көмір, қап –қара. Әсел Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды Мұз болады, қатады Жып жылтыр боп жатады. Сергіту сәті: «Қызыл гүлім- ай» Балалар сюжеттке мұқият қарап қимылдарды қайталаймыз. |
Балалар тыңдап, жауабын шешеді.
Балалар экранға қарап мұқият тыңдайды.
Тақпақ айтатын балалар орындарынан тұрып тақпақтарын айтып береді.
|
|
Жаңа ән жаттау: Олай болса балалар қыс мезгілі туралы жаңа ән жаттаймыз алдымен тыңдап алайық экранға қараймыз. «Қыс келді» әні 1.Әппәқ ақ қар түсті де, Қыс ызғарын сыйлады. (Мен де кидім үстіме Жылы тон мен пиманы).2рет 2. Құлақшыным басымда, Қолда жылы қолғабым. (Аттанамын бақшаға, Енді неден қорқамын).2 рет - Әннің көңіл күйі қандай? - Әнде не туралы айтылған? Ойын ойнау: Тыныс алу ойыны. Мақсаты: балаларды дұрыс тыныс алуға үйрету. |
Балалар орындарынан тұрып қимыл қозғалыстарды қайталап жасайды.
Ән орындалады.
Балалар бейне экранға қарап тыңдайды Әнді қайталап айтып сөзін жаттайды.
Балалар ойынға белсенді қатысады |
Рефлексиялық – түзетушілік
|
Балалар бүгінгі үйымдастырылған оқу іс- әрекетінде өткен тақырыбымыз қыс мезгілі туралы болды. Қыста ауа райы қандай болады? Қыс мезгіліндегі қандай ойындар ойналады? Қардың түсі қандай болады? Сұрақ жауап арқылы сабағымызды қорытамыз. Сау болыңдар! |
Сұрақтарға жауап береді
Балалар қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілі туралы, қардың қандай болатынын .
Игереді: Ойын арқылы ән айтқанда дұрыс тыныс алуды жәнеде әнді толығымен орындауды игереді.
Меңгереді: әнді тыңдап, мәтінін әңгімелеуді, ырғақпен қозғалуды.