«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

28.02.2018

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен   оқыту  жүйесін  дамыту   Қазақстан Республикасының  мемлекеттік 

саясатындағы  басым  бағыттар болып                  табылады.  Еліміздің  зияткерлік  әлеуетінің  болашағы  балаларға 

мектепке  дейінгі  сапалы білім  беру  және олардың  қабілеттерін  дамыту қоғам                    үшін  де 

өте  маңызды.  Бағдарлама мазмұны   Мектепке  дейінгі тәрбие                  мен  оқытудың мемлекеттік  жалпыға  міндетті стандарты  және  мектепке            дейінгі педагогика  мен  жас ерекшеліктері  психалогиясының   негізгі                     ережелеріне  сәйкес білім  беру  салаларын кіріктіру  ұстанымдары                       ескеріле  отырып 

әзірленді.  Бағдарлама   мектепке дейінгі тәрбие  мен                  оқытудың  тәрбиелік, дамытушылық,  білімділік  міндеттерінің бірлігін                   қамтамасыз  етеді.  Бағдарламаның ерекшелігі  қолайлы  әлеуметтендіруге                және  балалардың қажетті  дағдыларды  игеруіне ықпал  ететін,  мектеп                      жасына  дейінгі балалардың  кешенді  дамуын қамтамасыз  ету  болып                          табылады.   

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық

деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу

жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.

Осы білім стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар төмендегідей:

      - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы  үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. 

      - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: 

      1) балаға өмір бойы қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру

үшін негіз болып табылатын  жалпы адамзаттық құндылықтарға баулуға; 

      2) халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, әдебиет пен өнерге, фольклор

мен  еліміздің мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске асыруға; 

      3) ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім

беру үшін жағдайлар жасауға; 

      4) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған және

қамтылмаған балаларды дамыту  мәселелерінде ата-аналардың

біліктілігін арттыру, оларды психологиялық-педагогикалық  консультациялық қолдаумен қамтамасыз

етуге бағытталған. 

      - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі

іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын:

«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім беру саласына негізделген. 

      - «Денсаулық» білім беру саласы. 

      Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды дамыту, денсаулықтың адамға табиғаттың берген  басты құндылығы екенін түсінуге тәрбиелеу, қимыл белсенділігін дамыту және дене бітімі  
қасиеттерін қалыптастыру. «Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі: 

      1) дене шынықтыру; 

      2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері. 

      - «Коммуникация» білім беру саласы. 

      Мақсаты: айналадағы адамдармен араласуға қабілетті, көптілді тұлғаны тәрбиелеу үшін  баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту. «Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: 

      1) сөйлеуді дамыту; 

      2) көркем әдебиет; 

      3) сауат ашу негіздері; 

      4) қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда)және  шет тілдерінің бірі; 

      5) драма. 

      - «Таным» білім беру саласы. 

      Мақсаты: қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл үшін қажетті

танымдық әрекеттің қарапайым  дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі

тұлғаны қалыптастыру. «Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу

қызметі: 

      1) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бөбек

жасы топтарында (1 жастан 3  жасқа дейін) – сенсорика; 

      2) құрастыру; 

      3) жаратылыстану. 

      - «Шығармашылық» білім беру саласы. 

      Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің

негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық  саласы мен қиялын дамыту. «Шығармашылық»

білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: 

      1) сурет салу; 

      2) мүсіндеу; 

      3) аппликация; 

      4) музыка. 

      - «Әлеумет» білім беру саласы. 

      Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді

құрметтеуге, айналасындағыларға жағымды мінез-құлықты және қайырымды

қатынасты тәрбиелеу. «Әлеумет» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу

қызметі: 

      1) өзін-өзі тану; 

      2) қоршаған ортамен танысу; 

      3) экология негіздері.

Міне,  сондықтан да  оқу - тәрбие  үрдісінде   осы  талаптармен , мақсаттарды жүзеге асыру,  баланы  жан- 

жақты  дамыту  әрбір тәрбиешінің  басты  міндеті болып  табылады.  «Балапан ұядан  нені  көрсе, ұшқанда  соны

іледі» деп  халық  айтқандай бала  тәрбиесіне  атүсті қарамай, міндеттерімізді  абыройлы да  қайсарлықпен  атқарайық.

 

 


Просмотров: 399


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст