Бөбекжайда «Жаз да келді, көңілді» апталығының «Сабын көпіршіктері» күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқу қызметі барысында балалардың сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту. Тәжірибе жасау арқылы сабын көпіршіктері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат сырларын танып білуге баулу. Зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын қалыптастыру. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым - қатынастарын қалыптастыру.
Сабын көпіршіктері - кез-келген бала мен ересек адам үшін керемет ойын-сауық.
Олардың мың жылдан астам уақыт бойы бар екенін көп адам біле бермейді. Ежелгі Помпей қазба жұмыстары кезінде археологтар қаланың қабырғаларында көпіршіктерді үрлеген балалардың суреттерін тапты. Қытайда да осыған ұқсас суреттері бар ежелгі қолжазбалар табылды.
Бүгін біз өз қолымызбен сабын көпіршіктерін жасауға тырыстық. Ол үшін қайнатылған су, глицерин, қант, ыдыс жуатын сұйықтық қолданылды. Біздің қолымыздан бәрі келді! Көпіршіктер керемет болды!
Тәрбиеші: Шакиева Ж.О.