Текст
"Жол картасы" жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған мобильді топ жоспарына сәйкес бөбекжайымызда «Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинар- практикумда мектепалды топтар мен бастауыш сынып сабақтастығы бойынша мәселелер талқыланды.
Семинар- практикумда бөбекжайымыздың мектепалды топ тәрбиешілері қатысып, өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. «Құлагер» мектепалды тәрбиешілері Қожабергенова Б.Е. және Тулебаева А.Т. кіріктірілген «Біз не білдік, не үйрендік?» тақырыбында ҰІӘ көрсетсе, «Мирас», «Жауқазын», «Қарлығаш» мектепалды топ тәрбиеленушілерімен тәрбиеші Шакиева Ж.О. «Ойлан тап» зияткерлік сайысын ұйымдастырды.