Мақсаты: Қайың ағашы туралы түсініктерін қалыптастыру. Ермексазбен жұмыс жасау арқылы қиялын, шығармашылық дағдыларын , ұсақ қол моторикасын дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Олардың биіктігі 15 кейде 25 – 30 метрдей болады. Қайың шырыны — көктем кезінде қайыңның сабағын бойлап ағатын тәтті шырын. Бір қайыңнан 60 литрге дейін шырын алуға болады. Қазіргі уақытта тамақ өнеркәсібі шығаратын түрлері көбіне қант пен консерванттар қосылып дайындалады. Қазақстанда қайыңның 17 түрі өседі. Қайыңдардың барлық түрінің қабығы ақ емес, сарғыш, қоңыр, қызыл, қара қабықты қайыңдар да кездеседі. Қазақстанның қызыл кітабына қайыңның 3 түрі енгізілген. Олар: қызыл қайың, талас қайыңы, Ярмоленко қайыңы. Бұл өте сирек кездесетін қайыңдар. Сол себепті қорғауға алынған.