" Әдемі гүлдер "дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, ой - өрісін, қиялын дамыту, гүлдерді аялай білуге, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану –ұйымдастырылған іс-әрекеттің әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде, ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын-ала жұмыс жүргізу керек.
Топ " Балдәурен "