Мақсаты: Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және кұні бойы белсенді болуларына ықпал ету. Балалар бақшасындағы таңертеңгі жаттығудың ерекшелігі- балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы дамып жетіледі. Таңертеңгі жаттығудың ұйымдастырушылық және тәрбиелеушілік үлкен маңызы бар.
Таңертеңгі жаттығудың маңызы мен міндеттері
Таңертеңгі гимнастика балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі басты құрал болып табылады. Жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады,сергектік сезім пайда болады,қабілеттілігі артады.
Атап айтқанда таңертеңгі жаттығу жасау алдына ерекше міндеттер қойылады: бала организімін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тыныс және де басқа да функцияларының қызметін белсендіру,тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету.
Егер балалар күн сайын таңертеңгі жаттығу жасауға дағдыланса және мүдделі болса ол сонысымен құнды болады.Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар таңертеңгілік жаттығудың сауықтырушылық зор маңызы сақталады. Дене жаттығуларымен күнбе-күн айналысу бала денесінің өсуіне және организмнің функционалдық жағдайына қолайлы әсер етеді.
Жалпы жетілдіруші жаттығулар мына ретпен іріктеледі: мойынға арналған, қол мен иық белдеудің бұлшықеттеріне арналған жаттығу, тұлға мен аяқтың (еңкеюлер,бұрылулар, отырып-тұрулар, аяқты ілгері,кейін, жан-жаққа сермеулер және т.б.) бұлшық еттерін қатайтатын жаттығулар. Бұл жаттығулар ертеңгілік жаттығудың алғашқы кезінде негізінен түрегеліп тұрып орындалады. Жаттығудан кейін бірқалыпты ақырын жүріс немесе бір орында секіру орындалады. Таңертеңгі жаттығу шамалы жүрумен аяқталады. Ондай кезде марштық сипаттағы әндер қойылуы мүмкін. Таңертеңгі жаттығу ұзақтығы,сипаты, мазмұны, жаттығулардың шамасы жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі болады.
Тәрбиеші:Шакиева Ж.О.