Аудандық білім бөлімі жанында құрылған мобильді топтың жоспары бойынша құзыреттілік орталығы болып саналатын «Балдырған» бөбекжайы қабырғасында «Қазақ этнопедагогикасының ұлттық мәдениетпен сабақтастығы» тақырыбында әдістемелік апталық өткізілді. Апталық Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілгендіктен осы мерекемен ұштастырылып, іс- шаралар жоспары құрылды. Апталықтың әр күні қала балабақшаларынан педагогтер қатысып, іс- шараларды тамашалады, пікір алмасты. Ал құзыреттілік орталығы болып саналатын «Балдырған» бөбекжайының педагогтері іс- тәжірибелерімен бөлісті. Апталық жоспары бойынша «Қазақ этнопедагогикасының ұлттық мәдениетпен сабақтастығы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Тәрбиешілер басқа балабақшадағы әріптестеріне «Наурыз- жыл басы» тақырыбында тақырыптық сағаттар көрсетті. Апталыққа қатысушылар «Ұлыс оң болсын, Қазақ елі!» тақырыбында бүлдіршіндердің концертін, «Салт- дәстүрім- таусылмайтын байлығым» атты балабақшаішілік педгогтер арасындағы сайысты тамашалап, ұлттық ойындар күні ұлттық ойындардың өтілуін бақылады. «Ұлттық киімді ұлықтайық» топтар арасындағы сайыс және «Асық акциясының» қорытындыларын шығару кезеңіне қатыстып, өз ойларымен бөлісті.