«Балдырған» бөбекжайының жылдық жоспарындағы этнопедагогика басым бағытының жоспары бойынша «Халқымның өнегелі салт- дәстүрі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымда қазақ этнопедагогикасын қолданудың мәнін түсіндіру. Заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту, оны бүлдіршіндер бойына сіңіру жолдарын қарастыру.
Дөңгелек үстел ұлттық нақышта этнопедагогика кабинетінде өтілді. Педагогтер барлығы ұлттық киімдер киіп, киіз үй маңында дөңгелене отырып жайғасты. Дөңгелек үсте 3 бөлімнен тұрды. Кіріспе бөлімінде әдіс кер Нургалиева З.К. отырысты ашып күн тәртібімен таныстырды, халқымыздың салт- дәстүрі туралы ақпарат берілді.
Негізгі бөлім 3 кезең бойынша өтілді: І «Ой толғау» кезеңінде «Білгенге маржан» деп, педагогтер салт- дәстүрімізге байланысты сұрақ- жауаптарға жауап берді, жұмбақтар шешті. ІІ теориялық кезеңде «Халқымның өнегелі салт- дәстүрі» тақырыбында баяндама тыңдалды, баяндамашы: Рахимова Г. К., қазақ тілі мұғалімі. ІІІ кезең - Практикалық бөлім болды. Педагогтер жас топтарына байланысты бөлініп салт- дәстүрлер көрсетті:
Ерте, кіші топ тәрбиешілері- «Құда түсу» дәстүрі
Ортаңғы топ тәрбиешілері- «Босаға майлау» салт- дәстүрі.
Ересек топ тәрбиешілері- «Қымызмұрындық» салт- дәстүрі
Мектепалды топ тәрбиешілері- «Ерулік» дәстүрі.
Қорытынды кезеңінде әдіскер Нургалиева З.К. дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, ұсыныстар қабылданды.