«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мирас" мектепалды тобының «Ана-өмір шуағы»атты ертеңгілігі.

11.03.2024

Мақсаты: Балаларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы
түсінік беру. Мейірімділікке, сый — құрмет көрсетуге тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
        Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесінің  қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай «Мирас»мектепалды тобының  «Ана-өмір шырағы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

«Мирас» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алайық

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
Хор: «Анажан»

Жүргізуші: «Қарты бар үйдің-қазынасы бар» – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген қанатты сөздер бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.

Олай болса, бүгінгі мерекеде әжелеріне арнаған  немерелерінің жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Ән: «Әжетайым» Н.Айзере, Замир, Айлин, Арсен,

Жүргізуші:

Жарқыраған қызыл гүлдей,
Болсын әсем өміріңіз,
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліңіз!

Ән: «Мерекесі қыздардың» Әлихан, Арлан, Мақсат, Таир, Мағди, Абдулло,

Би:

 Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

Хор: «Анашым аман жүрші»

Жүргізуші:

Жарқыраған қызыл гүлдей,
Болсын әсем өміріңіз,
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліңіз!

Ән: «Ана деп ән салам» Арыстан, Қадыр Айзере, Жасмин, Інжу, Малика.

Көрініс: «Үш Ана»

Жүргізуші:

Аналардың елжіреп,

Ет бауыры барады,

Әр қайсысы сұқтанып,

Өз қызына қарады.

Қыздар хормен:

Жүргізуші:

«Әдемі Ана» Қазбек Айзере, Н,Айзере, Айару

«Қызыл раушан» жігіттер тобы

Сыйлықтарын тапсыру:

 

Жүргізуші : 

Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан.

Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан.
Хормен барлығы:

Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой, аналар,
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар!

Хор: «Анаңды сүйсең-менше сүй»
 Жүргізуші:

Ана – өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

 

 

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст