Текст
«Еркетай» және «Ертөстік» ересек топтарында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды білуге арналған ертеңгіліктер өткізу жоспарына сай « Мақал- мәтел, жұмбақтар- мәңгі мұра» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: мақал-мәтел,жұмбақтар түрлерімен таныстыру, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәрбиешілер : Тулегенова Ж.К. Наурызбаева А.Н.