Тақырыбы: " Тұмарша"
Мақсаты: Балаларды ұлттық Тұмарша бұйымымен таныстырып, білімдерін бекіту . Қағаз бетіне тұмаршаны жапсырып, желіммен жұмыс жасауды үйрету. Қол маторикасын дамыту, өз беттерімен жұмыс жасауға баулу.
Тұмар исі қазақтың киелі де, құнды, асыл да ардақты жәдігері. Адамға, малға тұмар тағу ертеден келе жатқан дәстүрлі әдет. Тұмарды мойынға, бас киімге, киім жағасына тағады. Мұндай әдеп-ғұрып ел арасында әлі де бар және одан келер зиян жоқ екенін жұрт білуі керек.
Тұмарша – асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейді көбінесе қыздар таққан.
Тіллә тұмар – алтынмен апталған тұмардың бір түрі (Р.Шойбеков).
Мұнымен бірге тұмардың үш бұрышты немесе қиықшалап жақсы, қымбат матадан, былғарыдан жасалатын түрлері де болады. Балаларға суреттер арқылы жан-жақты ақпараттар беріліп, бекітілді.
Тәрбиеші: Тагыбаева Н.Е.