«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балапан" тобындағы "Ағаштағы ұлпа қар" мүсіндеу оқу іс-әрекет кезеңі.

11.01.2024

Максаты: Дайын суретке кесектерді бөліктерге бөлу арқылы, оларды мүсіндеуді үйрету. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

  Қыс - табиғаттың ең әсем,ең көрікті жыл мезгілінің бірі.Өз қаһарына мінген аязды күндер,аяқ астындағы сықырлап жатқан  қар,айналаның түгел аппақ түске малынған көрінісі, аспаннан жауған ұлпаларға қарап тамсанатын сәттер бәрі- бәрі керемет...

- Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.
Бүгін біз ағаштағы  ұлпа қармен танысамыз.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады. 

Тәрбиеші Тастубаева Асель Сериковна

 

Просмотров: 611


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст