«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кіші топ тәрбиеленушілерінің "Қош келдің, Жаңа жыл" атты ертеңгілігі

26.12.2023

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

 

Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн
                     Бақытты боп бастады жыл дастанын
                     Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
                     Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
 

Музыкамен балалар залға кіреді

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

                     Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

                     Бақыт, шаттық, тыныштық

                     Ұлу жылы әкелсін бәрімізге

Жүргізуші: Балалар орындауында ән «Шырша жыры» балалар шыршаны айналып жүріп айтады.

Хор: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз.  

Жүргізуші : Жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

(Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.)

Аю:  Салеметсіздер ме, балалар. Ой біз кайда келіп қалдық? Балалар қалай әдемі киініп келген? Бұл қандай мереке?

Жүргізуші: Ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!

Маша мен аю күрсінеді.

Жүргізуші:Маша аю сендерге не болды? Неге көңілдерің түсті?

Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде отшашу атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.

(Балалар таң қалысты.)

Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аяз ата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.

Маша: Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)

Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)

Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.

Жүргізуші:Балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.

Ойын ойнап би билейік.

Ойын: Аю, аю тұршы.
Жүргізуші: Ой балалар мен бір дыбыс естіп тұрмын

                       Бізге біреу келе жатқан сияқты

                       Бізді тез тауып алу үшін

                       Қане бәріміз қол соғайық

                    Мүмкін Аяз ата шығар
Балалар: Аяз ата, ақшақар 3 - рет

(әуенмен бірге Аяз ата, Ақшақар келеді)

Аяз Ата: Амансын ба ұлдарым,

                Амансын ба, қыздарым?

                Қандай жарқын жүздерің,

                 Қандай әсем мереке

                Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл бақ береке әкелсін.
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
                  Сүйсіндірер маңайды
                  Ақшақармын арайлы
                  Жалт - жұлт еткен жүзімнен
                  Күміс сәуле тарайды.
                  Ақшақармын аппақпын
                  Қалай тыныш жатпақпын
                 Менсіз қыстың сәні жоқ
                 Әнмін, жырмын, тақпақпын

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Аяз Ата Ақшақар. Аяз Ата, қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шырша шамдарын сиқырлы таяғыңызбен жағыпп беріңізші.

Аяз Ата: Қуант, бізді, таңырқат. Шамдарыңды жарқырат! шыршаны жағады. 

Жүргізуші:Армысың Аяз ата ақсақалым,

                   Бармысың сұлу көркем Ақшақарым

                   Асыға тағатсыздық сезімменен

                   Күтуде өзіңізді барша қауым.

                  «Кішкентай шырша»» әні орындалады.

Ән: «Кішкентай шырша»

Жүргізуші: Алыс жолдан келдіңіздер.
                      Әсем әні де, биі де бар
                      Отыр ата, сәл дем ал.

                      Балалардың сіздерге жыр шумақтары бар. (Тақпақтар)
Тақпақтар

Жүргізуші: Әуеледі әніміз
                     Жаңа кірді сәніміз
                     Ақшақарды ортаға алып
                     Би билейік бәріміз.

Би: «Арам зам зам»
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады..
Тақпақтар:

Музыкамен қасқыр қоянды қуып кіреді

Қоян: Көмектесіңдер, көмектесіңдер  мені қасқыр жеймін деп соңымнан қуып келе жатыр

Аю: Әй, қойындааар сендерге не болды бүгін

Маша: Әй, қасқыр неге қиянқы боласың, қазір мен саған көрсетемін. Сен неге қоянды қуасың.

Жүргізуші: Қоянға тиіспеңдер, ол біздің ескі жылымыз. Бір бірімен тату болып Жаңа жылды тойлайық.

Қасқыр: Кешір мені, қоян, енді мен саған тиіспеймін. Екеуіміз дос болайық, жаңа жылды балалармен бірге қарсы алайық. (құшақтасады)

Қоян: Рахмет мені құтқарып алғаның үшін. Рахмет балалар.

Жүргізуші:  Жаңа жыл келді
                      Азаймасын ән мен жыр
                      Ел көңілін көтерсін
                      Құтты болсын жаңа жыл!

                      Балалардың орындауында «

Ән: «Аңдар әні»
Қоян жылы: Менің кететін уақытым да келді. Сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.                     

                        Мына келер жылға айтар тілегім.
                        Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
                       Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
                       2024 жыл қадам басқан
                       Келесі жыл бастауын Ұлуға беремін

                       Сіздерге де мың рахмет.  Сау болындар балалар!

(Сахнаға Ұлу шығады)

Ұлу: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?

Аяз ата: Жаңа жылда жаңа белден асамыз

              Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.

              Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

               Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

Қош келдің, Жаңа жылым төрлет.Мына балаларды саған тапсырдым. Берекелі де ,мерекелі жыл бол!

Жүргізуші: Қош келдің Жаңа жыл, төрлет! Жаңа жыл біздің балаларлың сізге арнаған өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Жаңа жылды қарсы алайық»

Аяз Ата: Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!

(Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст