Мақсаты: 4 цифрымен таныстыру, заттардың шамасы бөлімі бойынша алғашқы ұғымдарын қалыптастыру, зейіндерін дамыту. Математикалық жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу. 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру.
Қазақ үшін әр санның өзіндік қасиеті мен киесі, сыры мен жұмбағы, мән-маңызы болған. Халқымыз әр санның өзіне тән ерекшелігін саралап, жөнімен қолданған. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған.
4 саны туралы :
Төрт тұлға: от, су, жер, жел
Төрт маусым: қыс, көктем, жаз, күз
Төрт кітап: Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран
Сонымен бірге дүниеге жаңа келген нәрестенің тағдырына жақсылықты, жамандықты, рызықты және өмірді жазған.Төрт түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес.
Балаларға нүкте бойымен 4 цифрын бастырып салуды үйрету, өзге цифрлардың арасынан 4 санын табу. Ойын арқылы балаларға
“Ертөстік” ересек тобы.