Мақсаты: Балаларға 5-ке дейін санауды және заттарды сан арқылы сәйкестендіру қабілеттерін дамыту.Сандарды ретімен атауды үйрету.
4 – 5 жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады.
Бұл кезеңде баланың икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор.
Баламен оқу іс - әрекетін өткізу алдында алдын – ала дидактикалық (көрнекілік) материалды даярлауды қажет етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды, ойыншықтарды, серуен кезінде жиналған табиғи материалды пайдалануға болады. Сонымен қатар суреттерді, жануарлар, құстар, жемістер, көкөністер, геометриялық пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек.
Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы үлкен. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін логикалық ойындардың рөлі ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адам мен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.
Тәрбиеші: Тулегенова Ж.К.