«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ою-өрнек" сурет салу іс-әрекеті.

06.12.2023

Мақсаты: Балаларға ұлттық ою-өрнек туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақ халқының ою-өрнегіне сипаттама беру. Балалардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 Қазақтың  ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына кең тараған. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.

Оған мысал ретінде қошқармүйіз оюын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. 

 Балалармен сурет салу іс-әрекетінде дәстүрлі емес сурет салудың әдіс-тәсілін қолдану арқылы балаларға ерекше іс-әрекет көрсете білді.

 

«Еркетай» тобы

Тәрбиеші: Тулегенова  Ж.К.

 

Просмотров: 785


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст