«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жауқазын» мектепалды тобының серуен кезіндегі бақылау іс-әрекеті.

04.12.2023

Бақылау: «Қыс мезгілі»

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Желтоқсанда ең қысқа күн, күннің көзі сирек қонақ, ауа-райы бұлыңғыр, жиі қар жауады, бірақ ол ерімейді. Бірақ қар терең емес, одан түскен жапырақтар және құрғақ өсімдіктер көрінеді. Ауаның температурасы нөлден төмен.

Қаңтарда күн көбейеді,айқын жарқырайды, бірақ күннің көзі жылытпайды, ең күшті аяздар тұрады, барлығы қармен жабылған, ағаштарға қырау тұрады.

Ақпанда күшті жел соғады, боран болады: ақпан айының соңында күннің қосылғаны байқалады, ең алғашқы мұздар пайда болады, күннің көзі жан-жағына шуағын шашады.

Жаңылтпаш

Қыс қыспаса қыс па,

Құс ұшпаса құс па?

 «Қыс» А.Құнанбаев.

Қимылды ойын.

«Кегліні құлат»

Кегліні құлата отырып, клюшка көмегімен нысанаға шайбаны лақтыра білуді бекіту. Белсенділікке тәрбиелеу.

Еңбек қызметі: Қардан демалыс орнын тазарту.

Өзінің іс-әрекетін жолдастарының іс-әрекетімен келістіру, ұжымда тапсырманы өз бетінше орындауға үйрету.Еңбек ету ынтасына тәрбиелеу.

 

Просмотров: 605


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст