«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен мектепке дейінгі мекемелерде арнайы мамандардың жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел

01.12.2023

Аудандық дөңгелек үстелдің өтілуі жайлы ақпарат

 

 24 қараша күні бөбекжай қабырғасында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту Моделін іске асыру мақсатында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен мектепке дейінгі мекемелерде  арнайы мамандардың жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуды жүзеге асыруда педагогтердің бір-бірімен өзара әрекеттесуге дайындығын қалыптастыру.

   Дөңгелек үстелге  білім бөлімінің әдіскері Баитова Г.Р., мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы мамандары (логопед, дефектолог, педагог- психолог), инклюзивті топ тәрбиешілері қатысып, өз іс- тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысындағы кездесетін мәселелер мен қиындықтарға тоқталып, бір шешім табу жолдарын қарастырды.

   Дөңгелек үстелде бөбекжай  логопеді  Жаксалыкова А. С. «Мектепке дейінгі балалардың тіл мүкістігін жоюға арналған жаттығулар» тақырыбында шебер- сағат көрсетсе, педагог- психолог Жахина А.А. тренинг өткізді. Ал дефектолог Тастубаева А.С.  дефектолог маманының мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс бағыттары туралы ақпарат беріп, қатысушыларға жадынама таратты.

 

 

Бөбекжай әдіскері Нургалиева З.К.

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст