Ойын : "Тәтті тоқаш"(Құм терапиясы)
Мақсаты : Баланың көңіл-күй жағдайын бағалауын қалыптастыру; жан-жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, көңіл аудару, тілдерін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге үйрету.
Құм терапиясы — адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құм терапиясының маңыздылығы:
• сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлау мен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
• Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.
Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ менің тәжірбиемде терапияның еркін әдіс екені көрсетіледі.
Мысалы көгілдір түсті құмзар, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады.
Балалармен жұмыс істеу барысында балалардың сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік шыдамдылық танытпауы басым.
Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенін сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.
Құммен ойын — балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Педагог-психолог: Жахина А.А.