«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Толағай» ортаңғы топ балаларының дамытушы орталықтарда жұмыс жасау кезеңі.

27.11.2023

Мақсаты: Баланы жан-жақты тəрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой- өрісін дамытып, еңбекке баулу

      Балалар дербес іс-әрекет кезінде  дамытушы орталықтарға бөлініп, қалаған жұмыс  түрлерімен айналысады.

     Заттық-дамытушы орта — педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға қажетті уақыт пен кеңістік жағынан жүйелі ұйымдастырылған, қажетті заттармен, ойын құралдарымен жабдықталған эстетикалық, психологиялық-педагогикалық шарттардың жиынтығы. Бұндай ортада бала белсенді танымдық, шығармашылық іс-əрекетке қосылады, қызығушылығы дами түседі, қиялы, ақыл-ой жəне бейнелік қабілеттері, қарым-қатынас жасау дағдысы дамиды, ең бастысы, үйлесімді тұлға дамуы жүзеге асады.

        Дамытушы орта баланың өзіне деген сенімділігін арттыруға, оны бойына сіңіруіне септігін тигізеді, мектеп жасына дейінгі балаға өз қабілеттерін сезіну жəне қолдануға мүмкіндік береді, өз қабілетін, шығармашылық шешімдер қабылдай алу дағдыларын дамытады.

       Дамытушы орта бала тəрбиелеуде ең маңызды факторлардың бірі болып табылады, сондықтан да дамытушы ортаны жабдықтаған да оны өзгертуге жəне толықтыруға болатындай етіп жабдықтаған дұрыс.  Дамыту ортасын ұйымдастырып жасақтауда бала дамуындағы маңызды ролі басшылыққа ала отырылып ұйымдастырылады жəне онда бала өзін еркін сезіне алуына, денсаулығына нұқсан келтірілмеуіне, дүниетанымын кеңейтуге қолайлы жағдай туғызуға аса көп мəн беріледі. Ұйымдастырылған дамытушы орта ыңғайлы болуы керек жəне баланың айнала қоршаған əлеммен байланысын айқындатуына септігін тигізу керек 

 

Тәрбиеші: Текен Хуралай

 

Просмотров: 243


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст