Мақсаты: Қол еңбегі арқылы балалардың ұсақ- саусақ моторикасын жетілдіру. Түстерді ажыратып, ой - өрісін дамыту.
Балаға тәрбие мен білім беруде, бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстай алмайтын, түймесін түймелей алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазламен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясы мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді.Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Тәрбиеші: Киккаринова Ш.Б.