Тақырыбы: Дәстүрлі емес тамшылату әдісі арқылы сурет салу,теңіз жәндіктерін жапсыру.
Мақсаты: Тамшылату арқылы теңіздің астында түстерді сала білу,теңіз астындағы жәндіктерді жапсыру.
Сурет салу баланың тіл байлығын арттырады. Өзі бейнелеген бейнені ойынша суреттеген бала қағаз бетіне түсірегенде өз ойын ашық айта алады. Бала шығармашылығын дамытуда сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерді қолдану қазіргі заманауи балаларымыздың қызығушылығын арттырады. Дәстүрден тыс сурет салу баланың бойында өзгешелікке, жаңа тәсілдер ойлап табуға, қазіргі озық технологиялар заманында тың дүниелер ойлап табуға жол ашатын тәсіл болып табылады. Іскерлікті дамытатын, бастамашыл тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін негізгі құрал десе де болады.
Тәрбиеші: Текен Х.