Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, дене бітімін жақсарту, табанындағы нүктелерді оятуға арналған ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру. Балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына, қан айналымының жақсартына, балалардың арқалары, қолдарындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасату.
Түскі ұйқыдан кейін баланың сергек болуы тәрбиешінің ерекше назар аударуын талап етеді. Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Ұйқыдан ояну кезі келгенде ақырын, ырғақты әуен қоямыз, оянудың міндетті шарттарын сақтай отырып баланың оянуына мүмкіндік береміз – бастапқы күйде – арқасынан жатады, қолы денесінің бойымен ұзыннан созылып, денені еркін ұстап, тыныштықта болады. Гимнастика кешені тұрақты. Ай барысында әуен ауыстырылмайды, ал жаттығулар ойын түрінде жүргізіледі, жаттығуларды 1 - 2 айдан кейін ауыстырып отырамыз. Түскі ұйқыдан әрбір бала жеке оятылады. Біздің топта ұқсастықтары бойынша ең жеңіл, қарапайым жаттығулар жүргізіледі.
Тәрбиеші: Киккаринова Ш.Б.