«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үйірме жұмысы: «Үш аю» ертегісі

26.10.2023

Мақсаты: Балаларға ертегінің  мазмұнын  үстел үсті театры арқылы түсіндіру. Ертегіге  деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. Өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу. Рөлдерге бөлініп ойнай білу қабілеттерін дамыту.

   Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс - әрекетін, барлық мұң - мұқтажын, күрес - тартысын, талап - тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген. Балаларға арналған театрланған ертегілер түрлері өте көп..
  Үстел үстіндегі театры. Ертегілерді  айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрден, қораптардан жасалған ойыншықтар; магнит театры; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан тоқуға болады . Ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтарды қолдануға болады.

«Ертөстік » ересек тобы 

Тәрбиеші: Каримова Н.А.

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст