«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог-психологтың баламен жеке жұмысы.

24.10.2023

     Балалармен жұмыс жасағанда балалардың таным процестерін дамыту үшін әртүрлі жаттығулар жасалынады. Қол, саусақ  моторикасын дамытуға арналған ойыншықтар алынып әр баланың  дамуына  психолог зор үлес қосып отыру керек. Психолог кабинетінде арт терапияның элементтері құм терапиясына, су терапиясына, ертегі терапиясына арналған зоналар белгіленіп жұмыс жасалынады. Құм терапиясының пайдасы өте зор. Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырып, ұйықтап жатқан клеткаларын оятады. Су терапиясы баланы  сезімталдыққа баулып, сезу мүшесін қалыптастырады. Ертегі терапиясы арқылы баланың қиялы ұшқырлана түседі. Моншақтарды түсіне қарай орналастыру арқылы бала икемділікке тәрбиеленеді.
Ал жеке баламен жұмыс әр аптаның сейсенбі  күні жүргізіледі. Жеке баламен жұмыс тек ата-аналардың рұқсатымен, өтініш жазуымен ғана жүргізіледі. Қандай да бір жұмыстың өнуіне үш шарт керек. Ең бірінші ниет керек. Екінші күш керек. Үшінші тәртіп керек. Осы керектің бәрін іске асыру үшін сабыр керек.

Ойын : «Түрлі түсті тастар »

Мақсаты: Түрлі -түсті тастарды түстері бойынша жинап, саусақ моторикасын дамыту.

Педагог-психолог: Жахина А.А.

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст