«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Музыкалық аспаптар үні» тақырыбындағы музыка жетекшісінің оқу іс-әрекеті.

23.10.2023

Мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптарымен таныстыру және оларды ажыратып,айта білуге үйрету. Аспаптардың  әуендерін тыңдатып,ажырата білу дағдыларын қалыптпастыру. Балаларға аспаптардың атауларын айтқыза отырып, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын байытып,тілін, шығармашылығын дамыту.

Музыкалық аспаптар – адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар. Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. 

Ән: "Отан біздің әніміз"                                                                                                                                                                                                                     Мақсаты: Балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру ; Әнге деген қызығушылығын ояту ; Музыкалық есту , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалар әнмен танысып бір жолдан қайталап үйренеді.

Музыкалық дидактикалық ойын: «Аспапты тану»
Ойын ережесі: Үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі (балалар қимылмен көрсетеді)

Музыка жетекшісі: Болатбек А.

Просмотров: 289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст